Созақтық түлектер жалғызбасты анаға баспана тарту етті

Dalanews 27 мам. 2021 01:29 231

Созақ ауылының «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жыл бұрынғы түлектері қайырымдылық жасап жалғызбасты анаға тұрғын үй салып берді. Төрт бөлмелі үйде ауыз су, жарық және жылу жүйесі орнатылған. Соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған. Ауласы да әрленген, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа баспанаға ие болған жалғызбасты ана Саламат Ералиева қуанышымен бөлісіп, жерлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, мектепті 2001 жылы бітірген түлектер ауылда футболдан жарыс ұйымдастырды. Өмірден ерте қайтқан сыныптастарының рухтарына Құран бағыштады. Іс-шараның баршасы да карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген.

Жалпы созақтық мектеп бітіруші түлектер 20 жылдық мерекелеріне орай демеушілік жасап, туған жердің түлеуіне өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, былтырғы жылы салынған бір үй көпбалалы жалғызбасты анаға берілген. Түлектердің қолға алуымен биыл Созақ ауылында үш үй бой көтеруде. Сонымен қатар, бұған дейін ауылдың кіре-берісіне киіз үй мен ауыл орталығына бәйтеректің мүсіні орнатылған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x