Текелі қаласында экологиялық акция өтті

Dalanews 25 мам. 2021 13:00 188

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің ұйымдастыруымен «Киелі Табиғат» экологиялық жобасы бастау алған.
Аталмыш жоба аясында барлық аймақтарда эко-қозғалыстар құрылып, жастар арасында экологиялық мәдениет құндылықтары насихатталады.


Осыған орай, бүгін Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың мұрындық болуымен Текелі қаласында «Киелі Табиғат» жобасы аясында экологиялық плоггинг өткізілді.


Экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған акцияға Текелі қаласының жастары мен еріктілері қатысып, "Достық" шағынауданындағы Қаратал көшесі бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ерікті жастармен 700 кг-нан астам қоқыс жиналды.


Шара соңында Текелі қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Айнұр Мейрханова мен Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Елдар Сапаров шараға қатысқан жастарға ризашылықтарын білдіріп, белсенділік танытқан еріктілер Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ,
Текелі қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы 







Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x