Вакцина салдырып, «Айфон» ұтып алыңыз!

Dalanews 24 мам. 2021 14:26 192

Алматы қаласына қарасты Алмалы ауданы әкімдігі Жібек жолы даңғылы Абылай хан даңғылының қиылысы «ЦУМ» сауда орталығына келіп, вакцина салдырған қала тұрғындары арасында IPhone 12 смартфонын ұтысқа тікті, , – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Сіздерді ЦУМ сауда үйінде COVID-19-қа қарсы вакцинацияға шақырамыз.  Вакцинацияланыңыз және iPhone 12 ұтыс ойынының қатысушысы болыңыз

Науқан 22 мамырда басталып, 3 мамырға дейін жалғасады.  IPhone 12 ұтыс ойыны 2021 жылы 31 мамырда сағат 12.00-де өтеді‼️

Вакцинация жасалған күні сіз ұтыс ойынының купонын аласыз, ол сізге ЦУМ сауда үйінің дүкендерінде қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.

Ұтыс ойынының жеңімпазы науқанға қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.  Іріктеу нәтижесі Инстаграмдағы TSUM ресми парағында 31 мамыр күні жылы жарияланады.

Жеңімпаз ЦУМ вакцинация орталығында берілген тіркеу талоны және жеке куәлігі болған жағдайда ғана сыйлық алады. Вакцинация пункті ЦУМ сауда үйінің 3 қабатында, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x