Қазақстанның орнықтылық қоры таза кірістің 100 пайызын дивидендтерді төлеуге жіберді

Dalanews 24 мам. 2021 04:57 282

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («BBB»/болжамы «Тұрақты», Fitch, бұдан әрі – Қор) 2020 жылғы таза пайданың 32,4 млрд теңгесін дивидендтерді төлеуге жіберді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір жай акцияға есептегенде дивидендтің мөлшері 67 теңге 25 тиынды құрады. Дивидендтер Қор акционері – ҚР Ұлттық банкі алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауы шеңберінде төленді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша да қордың 27,7 млрд теңге сомасында таза пайданы түгелімен акционерге жібергенін еске саламыз.

Қор ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы болып табылады. Негізгі мақсаттары: банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу, ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етуге қатысу, ипотекалық тұрғын қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу, басымдық берілген жобаларды кредиттеу тетігіне қатысу, Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендету шараларын іске асыруға қатысу.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x