Еліміздегі «Үздік ауыл кітапханасына» бір миллион теңгенің сертификаты тапсырылды

Dalanews 22 мам. 2021 05:34 1117

Көкшетау қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараның басты мақсаты тек үздік қызметкерлерді анықтау ғана емес, сондай-ақ жақын ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасып, жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беру болды. Байқау қорытындысы бойынша Глубокое ауданының Бобровка ауылдық кітапханасы Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана деп танылып, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаз бір миллион теңгенің сертификатын иеленді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Көкшетауға жүрер алдында мен сапар күндерін шатастырып, 2 күннен кейін жолға шығу керек деп ойладым, сөйтсем, бір сағаттан кейін елордаға аттану керек екен. Қатты толқып, кешігіп қаламын ба деп шошыдым, әріптестерімнің дер кезінде есіме салғаны жақсы болды, – дейді Бобровка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Наталья Аксененко. – Мұнда барлығы өте жақсы ұйымдастырылған. Көп нәрсені көріп, білдім. Сондай-ақ, фестиваль аясында тренингтен де өттім.

Фестивальға еліміздің әр өңірінен кітапханашылардың қатысқанын айта кеткен жөн. Байқау бірнеше номинацияда өттті. Шығысқазақстандық кітапханашылар төрт номинация бойынша жеңіске жетіп, 500 мың теңге сертификаттарын иеленді:

«Балалар мен жасөспірімдерді оқуға тарту бойынша үздік инновациялық жоба» – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы, директоры Шағиева Бибігүл Жамбылқызы, "Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасын толықтыруға және дамытуға қосқан үлесі үшін» – Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы, директоры Гүлнар Жігітбаева, «Кітап оқу мен кітапты жылжыту жөніндегі үздік медиа жоба» – Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, директоры Күлмария Балташевна.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар