Даниал Ахметов облыс тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Dalanews 13 мам. 2021 11:25 117

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram парақшасында өңір тұрғындары мен қонақтарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымның ұлық мерекесі – Ораза айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!⠀

Мейірімділік пен ізгіліктің, қарапайымдылық пен бірліктің белгісі болған Ораза айт ұлттар мен ұлыстардың ынтымағына жол ашып, қоғамдағы татулықты нығайтады.

Мерейлі мерекеге орай, әр отбасына зор денсаулық, мол бақыт, игілік, бақ-береке тілеймін! - делінген мәтінде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x