Алакөл базарында жылжымалы егу пункттері ашылды

Dalanews 06 мам. 2021 10:00 139

Елімізде жылжымалы вакцинациялау пункттерінің жұмысы жанданып, қызу жүруде. Осы орайда, аудан тұрғындарының екпе алу көрсеткіші де артуда.

Жылжымалы пункттердің басты мақсаты: аудан жұртшылығының уақыттарын тиімді пайдаланып, екпе алуына мүкіндік береді.

Бүгінде ауданда І компонент бойынша 7390, ал ІІ компонент бойынша 4390 адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілген.



Екпені аудан орталығы бойынша құрылған 18 пункт дәрігерлері және 7 жылжымалы егу пункттері жүргізуде. Мамандар қажеттілік туындаса аталған пункттер саның көбейтуге мүмкіндік бар дейді.

«Біз осы базарда жұмыс жасағаннан кейін түрлі адамдармен қарым – қатынаста боламыз. Үйде отбасымыз бар, бала – шағамыз бар. Әне салдырамыз, міне салдырамыз деп жүрдім. Үйде ұлым да екпе алды. Осы жерге келгені жақсы болды, екпені өзіме де салдыртып алдым.» - деді, жеке кәсіпкер А.Скакова.

Өздеріңізге белгілі аудан орталықтары мен ауылдарда егу пунктері үздіксіз жұмыс істеуде. Өткен аптадан бастап шалғай елді – мекендерге отандық «QAZVac» вакцинасы да жеткізілген болатын.



«Ерікті түрде келіп, вакцина алдым. Енді мынау халықтың 70% иммунитет қалыптастыру керек деп жатыр. Елдің амандығы – біздің де амандығымыз. Бүгін бірінші компонентін алдым. Өзімді жақсы сезініп отырмын.» - деді, зейнеткер А. Мұқан.

Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына «Спутник V» вакцинасы бойынша үлестірме қағаздары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x