Арыста ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталық ашылады

Dalanews 09 сәу. 2021 11:52 178

Арыс қаласының басшысы Г.Құрманбекова қала және ауылдық округтердегі зиялы қауым өкілдерімен және еңбек ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің мақсаты – тоғыз жолдың торабы атанған киелі мекен Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, аға буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

– Қазақта үй алдында төбе болса ерттеулі тұрған атпен тең, ауылында қартың болса жазулы тұрған хатпен тең деген қанатты сөз бар. Сіздермен ақылдасып, кеңесе отырып Арыс өңірін облысымыздың алдыңғы қатарлы қалаларының қатарына шығару үшін, елді ынтымаққа шақырып, бірлесе жұмыс істеуіміз қажет, – деді жиында шаһар басшысы.

Ардагер, ұстаз, "Ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің алқа мүшесі Қ.Балқыбеков ардагерлердің тыныс-тіршілігіне тоқталып, өскелең ұрпаққа өнеге беретін, ұлттық құндылықты насихаттайтын орталық ашу қажеттігін жеткізді. Гүлжан Мамытқызы ұсынысты назарға алып, қолдау білдірді.

Шара барысында жиынға келген еңбек ардагерлері Арыс қаласын дамыту үшін экономика, ауыл шаруашылығы, коммуналдық салаларға қатысты ұсыныстар-пікірлерін білдіріп, қала әкімі Гүлжан Мамытқызына алдағы атқарар жұмыстарына сәттіліктер тіледі.Тиісінше қала басшысы алдағы уақытта ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста болып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x