Алакөл спортшылары Республика чемпионатында топ жарды

Dalanews 30 сәу. 2021 09:00 218

Бүгінде көпшілік жекпе-жек өнері араздық пен зорлық-зомбылықты тудырады деп ойлайды, бірақ джиу-джитсуда агрессия туралы түсінік жоқ. Сондықтан джиу-джитсу тек күрес емес, сонымен қатар философия, мінез-құлық нормалары және қарым-қатынас, шығыстың дәстүрлері болып табылады. Біздің ауданда жекпе-жектің бұл түрі қазіргі танда Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Арнұр Нұрланұлы мен Айбол Ахметовтің жетекшілігімен ойдағыдай жүзеге асырылуда.
Бұл жолы Алматы облысының командасының құрамындағы айдынды ауданымыздың спортшылары лайықты марапаттар әкелді. Комбат Джиу-джитсудан ұлдар мен қыздар, жасөспірім ұлдар мен жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты Павлодар облысының Екібастұз қаласында өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 263 спортшы қатысты.
Алакөл спортшылары өздерінің шеберліктерімен және татамиге соққы беру қабілеттерін айрықша көрсете білді. Жекпе-жек Алматы облысының құрама командасы жүлделі 1 орынды иеленді. Сонымен қатар І орынды Құмарұлы Ілияс, Айтқазы Ертарғын жеңіп алса, II орынды - Султанбеков Темирлан, Ерiк Елдос, Айтказынов Ерасыл қанжығалады, ал III орын - Раписбай Iлияс және Шалқарұлы Дамирға бұйырды.
Жарыс қорытындысы бойынша алакөлдің алты спортшысы маусым айында Үндістанда өтетін комбо джиу-джитсудан Азия чемпионатының жолдамасына ие болды.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x