Back
| DalaNews

ТЕКЕЛІЛІК ЖАСТАРҒА МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТАРТУ

«Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» Нұрсұлтан Назарбаев.

Көктемнің жылы лебімен жеткен қуанышты хабар: қаламызда биыл Жастарға қызмет көрсету орталығы бой көтереді. Өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталовтың жер жәннаты Жетісудың әр елдімекенін көркейтуге, халқының игілігіне қызмет ететін нысандардың салынып, жақсылыққа кенелуіне деген ықыласы ерекше екенін білеміз. Текелілік жас буын, өскелең ұрпақтың жігерін тасытып, әлеуметтік-мәдени сұранысын қанағаттандыруға қолдау білдірген ел ағасына айтар алғысымыз шексіз.

Біз, текелілік жастар, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, жастар ресурстық орталығының
мамандары, қалалық мәслихаттың жас депутаттары, өз кезегінде, Ұлт көшбасшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сындарлы саясатын ілгері жылжытуға белсенді атсалысып, өз еліміздің, Отанымыздың бақуатын еселеп, абыройын асқақтатуға еңбектенеміз деп сендіреміз.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ,
Текелі қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы