Алматыда Роза Рымбаева бастаған өнер адамдары вакцина салдырды

Dalanews 29 сәу. 2021 07:21 186

Халықты жаппай вакцинациялау басталғаннан бері Алматыда арнайы пункттері мен ауруханаларына адамдар екпе салғызуға жазыла бастады. Олардың арасында қазақстандық танымал адамдары да бар. Бүгін «Алматы» СОО егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаны тележүргізуші, продюсер Баян Алагөзованың күйеуі бизнесмен Тұрсенғали Алагөзов алды. Біраз уақыт бұрын вакцинациядан Қазақ КСРО Халық әртісі Роза Рымбаеваның отбасы да өткен болатын. Тізімде актерлер мен эстрада әртістері бар.

Әртіс Роза Рымбаева мен оның ұлы Әли Оқаповтың вакцинациядан өткені туралы әлеуметтік желілер арқылы білуге болады. Сәуір айының басында көрермендер залының орнына шығармашылық отбасын Алматы емханаларының бірінде егу кабинеті күтіп тұрды.

Роза Рымбаева мен оның ұлы Әли Оқапов екпе жасауға келгенмен, өздерін сахнада тұрғандай сезінді. Вакцинациядан кейін әртістерді медициналық қызметкерлермен фотосессия күтіп тұрды. Жұлдыздар егу кабинетінің алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлерімен ризашылықпен суретке түсті.

Енді халық әртісінің отбасы көрермендермен шынайы кездесуге дайын. Бүгінде еліміздің барлық танымал адамдары жаппай вакцинацияның аяқталуын және әдеттегі өмір салтына, сахнадағы қойылымдарға, гастрольдік турларға оралу үшін ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын күтуде.

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов вакцина алған күні  әнші Диас Аблаев, сондай-ақ модель, әнші Ержан Мұхатаев та екпе салдырды.

Алматы қаласында вакцинациядан өткен барлық танымал адамдар күн сайын жүздеген адамдармен байланыста болғандықтан, адамдарға коронавирусқа қарсы иммунитет қажет деп бірауыздан келіседі.

Тұрсенғали Алагөзов бүгін вакцинациядан өткенін оның жұбайы Баян Алагөзованың инстаграммдағы парақшасынан білуге болады. Продюсер әрі тележүргізуші Live режимінде «Алматы» СОО аумағында егу науқаны қалай өтіп жатқанын түсірген.

– Өте ыңғайлы орын. Біз вакцинацияға келдік. Қазір Тұрсенғали Тұрымұлы тамақтанып алды, дәрігердің сұрақтарына жауап беруде. Міне қан қысымын өлшеп жатыр. Енді біз вакцинацияланамыз, дәлірек айтсам, мен емес, ол. Мүмкін мен де алатын шығармын, – дейді Баян Алагөзова.

Айта кету керек, 18 жастан асқан барлық адамдар екпе салдыра алады. Вакцинацияның жасқа қарай шектеулері жоқ. Керісінше, вакцинаның тиімділігі дәлелденген. Ол аурудан толық қорғайды.

Жақында коронавирусқа қарсы екпе жасаған қазақстандық актер Жан Байжанбаев әсіресе, созылмалы аурулары бар адамдарға вакцинация жасау туралы ойлануы керек деп санайды. Ол «Спутник» вакцинасына сенім арқанын сұхбатында айтты.

– Мен Қазақстанда вакцина пайда болған кезде оны міндетті түрде салдыратынымды білдім. Өкінішке орай, мен 20 жыл бойы өкпе ауруынан зардап шегіп келемін және әрине, соған қарай, мен тәуекел тобындамын. Сондықтан дереу вакцинациялану керек деген дәрігерлердің нұсқауымен келдім. Мен досыммен телефон арқылы сөйлескен кезде ол: «Жан, сенің демікпең бар ғой, саған болмайды, - деді.

Тағы бір актриса Гүлнар Досматова өзінің вакцинацияны таңдағанын айтты.

– Біз көптеген ауруларды вакцинацияның арқасында жеңдік. Біз қазір тек өзіміз үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін жауап береміз. Толыққанды өмір сүріп, үнемі бетпердемен жүрмей, жақын адамдарыңнан шеттеп қалмау үшін әрине екпе салдыру керек. Бүкіл әлемде ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, біз ауруды жеңе алмаймыз. Бар болғаны саналы түрде ойлану керек, әлемдік тәжірибеге сүйену қажет, – деп санайды Гүлнар Досматова.

Алматының 200-ден астам егу пункттерінің кез келгенінде екпе алуға болатынын естеріңізге саламыз. Олар емханаларда, СОО, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан. Күнделікті, демалыссыз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x