Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды

Dalanews 28 сәу. 2021 03:59 289

Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірім қыздар арасында Ел чемпионаты мәресіне жетті. Боз кілем көркін қыздырған 2004-2005 жылы туылған арулар бас жүлде үшін бар күш-жігерлерін ортаға салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс өңірінде өткен жас балуандар бәсекесінде Түркістан облысының бұрымдылары 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальді еншілеп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.

Дүбірлі додада Дана Айтбаева мен Құралай Саттар топ жарып, алтын алқаны мойнына ілді.

Ал, Шолпан Алтынбек күміс алқаны олжалады. 4 бірдей ару қола медальді құрама қоржынына салды. Олардың қатарында: Ләззат Рахматулла, Венера Тұрсынбек, Гүлнәз Өмірбек және Балжан Сатилла бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x