Бибосынов чемпион, Сапарбай қола жүлдеге қол жеткізді

Dalanews 28 сәу. 2021 06:53 403

Түркістандық боксшы Сәкен Бибосынов Сербияда өткен халықаралық Belgrade Winner турнирінің жеңімпазы атанды. Ол Олимпиада лицензиясының иегері 52 келіге дейінгі салмақта финалда қырғызстандық Азат Үсеналиевті жеңді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Əлемнің түкпір-түкпірінен келген азулы былғары қолғап шеберлері арасында өткен жекпе-жекте Қазақстанның намысын қорғаған түркістандық Сакен Бибосинов жеңістің шыңын бағындырып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Жерлесіміз рингте барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын медаль иеленді. Халықаралық турнир – Токио Олимпиадасы қарсаңында тартысты өткен турнирлердің бірі. Əлем бойынша ең жұдырықты боксшылардың төртжылдықтың басты додасына санаулы күндер қалғанда тағы да бір өздерінің шеберліктерін көрсеткен дода болды.

Белград қаласында аяқталған халықаралық турнирде +91 кг салмақта шаршы алаңға шығатын, аса ауыр салмақтағы Түркістан облысының боксшысы Нұрлан Сапарбай қола жүлдегер атанды. Бұл бокс бəсекесінде ерлер 8 салмақ бойынша, ал əйелдер 10 салмақ бойынша жұдырықтасты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x