Түркістанда 400 гектар жерге саябақтар салынған

Dalanews 27 сәу. 2021 09:15 385

Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы жаңа саябақтардың жайымен танысып, ондағы тазалыққа жауапты азаматтармен жолығып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Түркістан қаласында бүгінде 400 гектар жерге жайғасқан 11 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар және 29 көше бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше, қайталасбас үлгіде салынған.

Айталық, Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» жер көлемі 20 гектардан асады. Саябақта 5 мыңға жуық ағаш, 25 мыңға жуық жасыл бұта егіліп, жасанды тоған орнатылған. Мыңнан астам шаммен жарықтандырылып, субұрқақ, орындықтар, 2 мыңнан астам кіші архитектуралық форма қойылған.

Жалпы аумағы 5 гектар жерде орналасқан Н.Назарбаев атындағы жаяу жүргіншілер аллеясы



н абаттандыру жұмыстары аяқталуға таяу. Демалыс аумағы жарықтандырылып, көпжылдық және гүлді ағаштар егілген.

«Әзірет Сұлтан» қорық – мұражайынының аумағы абаттандырылып, жарық шамдар орнатылды. 20 гектар жерде орналасқан аумаққа газон төселіп, ағаштар отырғызылды. Суару жүйелері жүргізіліп, жолаяқтар төселді.


Жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болды. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынған. 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып, жолдар төселді.

Жаңа демалыс орны ерекше дизайнда жасалған шамдармен жарықтандырылды. Субұрқақтар салынып, шағын сәулеттік мүсіндер орнатылды. Саябақта бірнеше ойын алаңшалары салынды.

Бүгінде «Нұр-Сұлтан» алаңы, «Жібек жолы» саябағы, «Дедросаябақ», Яссы көшесіндегі «Желілік саябақтың» құрылысы аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x