Back
| DalaNews

ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Өңірде спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған адамдар үшін түрлі спорт нысандары салынуда. Ғимаратта футбол, баскетбол, бокс және тренажер залдары, 124 көрермендік әмбебап зал, үстел ойындары бөлмесі болады. Жалпы құны 980 156,9 мың теңге қаржыны құрайды. Құрлыс жұмысын мердігер «Дәулет-Серпін 603» ЖШС жүргізуде. Кешеннің жалпы аумағы 1,61 га болса, ғимараттың көлемі 6,907 шаршы метрді құрайды. Қазір құрылыс басында 2 техника және 27 адам жұмыс істеуде. Бүгінде олар жоспарлы жұмыстың 20 пайызын орындады. Ал болашақта Бескөл және Лепсі ауылдарында да спорт кешендерінің құрылысы басталмақ.

| DalaNews

«2022 жылы 80 орындық Бескөл ауылына спорт кешенің салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Лепсі ауылдық оругіне ДСК салу жоспарланып отыр. Енді ДСК ашылса кешкі уақыттарда жастарға, үлкендерге спортпен айналысуға өте тиімді болады деп ойлаймын.»-деді Алакөл ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев.

Сондай – ақ, екі қабатты нысанның аумағында 22 және 15 автокөлікке арналған тұрақ, асхана және жаттығу орындары бар.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы

| DalaNews