"Нұр Отанның" төсбелгісін тақпай жүр". Елдің бас санитарына ескерту жасалды

Dalanews 21 сәу. 2021 08:24 261

Nur Otan партиясының төсбелгісін тақпағаны үшін еліміздің бас санитар дәрігеріне сөгіс жарияланды және бірнеше әкім орынбасарына ескерту жасалды деп хабарлайды Dalanews.kz  Sputnik-ке сілтеп.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі – еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа сөгіс жарияланды. Бұл туралы Nur Otan партиялық бақылау комитетінің басшысы Артур Платонов Faceboоок парақшасында жазды.

Депутаттың айтуынша, адамдар оған әлеуметтік желі арқылы шағымданған. Олар министр орынбасарлары мен өңірлердегі шенеуніктер азаматтармен кездесу кезінде қандай да бір мәселе бойынша "партиялық міндеттемені орындаудан қашатынын" айтқан.

Артур Платоновтың сөзінше, азаматтар елде бәрі қымбаттап жатқанын жеткізген. Сондай сәтте партия төсбелгісін тақпайтын шенеуніктер жауапкершіліктен жалтарып кететінін айтқан.

"2019 жылдың 21 тамызындағы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияны қайта жаңарту бағдарламасының негізгі тезистерінің бірі – дәрежесіне, лауазымына, мәртебесіне қарамастан партия тәртібін, сайлаушылар алдындағы жауапкершілікті арттыру екенін мәлімдеді. Оның ішінде партия құрамында бар екенін көрсететін партия нышанына құрмет мәселесі де бар", - деп жазды Платонов.

Кей мырзалар азаматтардың алдында өз жұмысынан ұяла ма? Әлде партия белгісін тағар болса, костюмін бүлдіріп алудан қорқа ма? деп сауал қойды комитет басшысы.

"Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жаханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Кикимов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.С. Буктугутов, Жезқазған қаласының әкімі Қ.Б. Әбсаттаров партия нышанынсыз жүруді артық көретінін айтуға мәжбүрміз", - деп жазды Платонов.

Осыған байланысты Қиясовқа сөгіс беріліп, қалған шенеуніктерге ескерту жасалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x