«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ департамент директоры тағайындалды

Dalanews 19 сәу. 2021 03:35 387

2021 жылғы 19 сәуірден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ны Басқарма аппаратының Мониторинг және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры лауазымына Еркебұлан Асанбайұлы Әлсейітов тағайындалды.

Ол 1983 жылғы 22 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.

Білімі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық университеті, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Еңбек қызметін 2005 жылы Шымкент қалалық «Автомобиль жолдары» ассоциациясында заңгер болып бастаған.

2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-де инспектор, операциялық зал басшысы, Кадр бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Казагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, директор орынбасары.

2012-2016 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ОҚО бойынша филиалының аудандық және қалалық бөлімдерінің басшысы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарған.

2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директор орынбасары, департамент директоры лауазымдарында қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы бойынша филиалдарының директор орынбасары.

2019 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жетекші маман.

2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында депутат көмекшісі.

Еркебұлан Әлсейітов Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысының алғыс хатымен, Шымкент қалалық әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x