Көктемгі егіс науқаны басталды

Dalanews 07 сәу. 2021 04:24 243

2021 жылғы барлық егістік жер көлемі ауыл шаруашылық құрлымдары бойынша 112 910 гектарды құрайды.  Оның 5 879 гектар алқабы көкөніс пен бақшалы дақылдар, ал 107 031 гектар алқап тәлім жер. Оның дәнді-дақылдар егістігі 97 448 гектар. Бұның 26 085 гектарына күздік бидай, 9 087 гектарға көпжылдық шөптер себілген, жаздық дәнді-дақылдар егістігі 71 363 гектар.

Аудандағы ірі шаруа қожалықтардың бірі "Қызылшоқы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бұл шаруа қожалығы биылғы жылға 8 000 гектар егістік алқапқа дәнді-дақылдар егеді. Бүгінгі таңда "Қызылшоқы"  ЖШС-да жаздық дәнді-дақылдар себу науқаны басталды. 71 363 гектар алқаптың 200 гектар алқабына жаздық арпа дақылы себіліп, 500 гектар күздік бидай тырмаланды. Бұдан басқа 2 640 гектарына картоп, 250 гектарға қант қызылшасы, 1040 гектарға майлы дақылдар, 569 гектарға бақшалық дақылдар және көкөніс егу жоспарланып отыр.



Барлық ауыл округтерінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу туралы жұмыс жоспары жасалып, бекітілген. Қазіргі көктемгі егу жұмыстарына қажетті тұқым, жанар май, техника дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша жаздық дәнді-дақылдар егуге 12 710 тонна тұқым дайындалды. Қазіргі кезде ауданда тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге тұқым тазалау зертханасына 7 000 тонна тұқым түсті. Оның 5 600 тоннасы толығымен тексерілді. Бұның ішінде 3 800 тонасы 1 – класс, 1 100 тоннасы 2 – класс, 700 тоннасы 3 – класс.

Ауыл округтерінде 38 тұқым сақтайтын қоймалар бар.

Биылғы жылы егістік алқаптарына қажетті минералды таңайтқыштарға және гербицидтерге сұраныстар мен өтінімдер берілуде. Аудандағы шаруашылық құрылымдарын тұқым дәрілейтін улы химикаттармен, пестицидтермен, минералды тынайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Аудандығы ауыл шаруашылық техникаларымен толық қамтамасыз етілген. Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарын өткізуге ауданның барлық шаруашылықтары бойынша 1 974 трактор, 572 трактор тіркемелері, 416 тұқым сепкіштер, 1 893 қопсытқыштар, 351 тырма, 567 соқалар қатысады. Ауыл шаруашылық техникалары көктемгі дала жұмыстарына дайын.

Раушан БИСЕМБЕКОВА,
Кербұлақ ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x