«Таңбалы» қорық-музейінде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды

Dalanews 05 сәу. 2021 09:15 252

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды.

Таңбалы қорық-мұражайы Алматы қаласының 170 км солтүстік-батысында, Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылының маңында орналасқан. ЮНЕСКО-ның қорғауындағы тарихи нысанда  әр түрлі уақыт аралығын қамтитын үш мыңға жуық петроглифтерді құрайтын жүзден астам ескерткіштер бар.

Археолог, этнолог, музейтанушы мамандар даярлауда мұражай мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп атқаратын жұмыстарының маңызы зор. Болашақ археология, этнолог мамандарының білімдерін жетілдіріп, нақты өндірістік іс-тәжірибе алу үшін мұражай базасында өзекті тақырыптар бойынша семинарлар, конференциялар, ғылыми-зерттеу жобалары, шеберлікті шыңдау сабақтары, тренингтер өткізу сияқты ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

«Таңбалы» қорық-мұражайында ашылған археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы қилы дәуірлердегі археологиялық ескерткіштерге бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу, Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу, жартас суреттерінің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру жұмыстарымен айналысады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x