ҚазҰУ-мен биік белестерді бағындыр!

Dalanews 21 нау. 2021 10:09 239

Жоғары оқу орындарын таңдайтын үміткерлер ең жақсы таңдау жасау және тек жоғары сапалы білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар табысты мансап құру мүмкіндігі үшін көптеген параметрлер бойынша елдер мен университеттерді салыстырады.

Қазақстан ғана емес, Азия елдері арасында  беделді оқу орындарының  бірі, Қазақ Ұлттық Университеті өзінің жоғары білім деңгейімен, жоғары конкурсқа түсудің күрделілігімен және түлектері үшін мансаптық мүмкіндіктерімен танымал. Оқу орны мансаптық тұрғыдан жоғары лауазымды ғана емес, әлемді өзгерту мүмкіндігі мен қалауын түсінетін адамдарға бағытталған. Бұл – бакалавр, магистр және доктаранттарға өз мақсаттарын жүзеге асырудың бір құралы болып табылатын көшбасшыларға арналған білім ордасы.

Заманауи ғылыми базаның арқасында оқыту ең заманауи және озық технологиялардың көмегімен жүргізіледі. Қазақстан-көпұлтты ел, мұнда әртүрлі елдер мен мәдениеттердің өкілдері оңай бейімделе алады. Қазақстанға келген көптеген шетелдіктер өздерін үйде сезінетіні таңқаларлық емес. Қазақ Ұлттық Университеті шетелдіктерді оқыту мен бейімдеудің көп жылдық тәжірибесін мақтан тұтады. Студенттердің кураторлық бағдарламалары жұмыс істейді, студенттік ұйымдар алуан түрлі бағыттарда дамыған.

Егер өз арманыңа қол жеткізгің келсе, саған мақсаттарыңа жетуге бар мүмкіндікті беретін оқу орнын таңда! Қазақ Ұлттық университеті әрдайым өз студенттерінің биік белестерді бағындыруына қол ұшын созады. Жарқын болашаққа ҚазҰУ-мен қадам бас!

Г.И.СУПУГАЛИЕВА
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
«Экономика және Бизнес Жоғары мектебі»,
«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x