Back
| DalaNews

Елордада құрылысы 7 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің бірінің құрылысы аяқталғанын мәлім етті. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

– Бүгін – біз және «Зере-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үшін қуанышты күн! Мерекелік күндер қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталды. «Зере-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу бойынша соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді.

Үйдің қаңқасы ғана болған. Бірінші кезекте үй мен инженерлік желілердің барлық жобалық-сметалық құжаттамасын дайындадық. Тұрғын үй кешені су, электр, жылу, кәріз сияқты инженерлік желілерге қосылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің қасбеті бойынша жұмыстар жүргізілді, терезелер, лифтілер, есіктер және т. б. орнатылды. Көктемде абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырдым.

| DalaNews

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бері) құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 2 еседен астам азайды. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

Биыл пәтер кілттерін тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз. Осылайша үлескерлер көптен күткен қоныс тойын тойлап, пәтер иегері атанбақ», – деп жазды елорда әкімі.

Тағы оқыңыз:

Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне арналған бұқаралық іс-шаралар өтпейді