Back
| DalaNews

Алтай Көлгінов бүгінігі таңғы тексеруін газдандыру ісінің қалай жүріп жатқанына арнады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Оңтүстік-Шығыс елдімекенінде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмысы жайлы мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz  қала әкімдігінің ресми сайты.

– Таңғы аралау кезінде Оңтүстік-шығыстағы газ тарату желілерінің құрылыс барысымен таныстым. Қазір қазу жұмыстары мен газ реттегіш шкаф пунктін орнату жүргізіліп жатыр.

Мердігерге, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді, қауіпсіздікке ерекше назар аударуды тапсырдым. Оңтүстік-шығыс шағын ауданының тұрғындары келесі жылыту маусымына дейін газға қосыла алады. Елді-мекен тұрғындары ғана емес, қала тұрғындары да үйлерін газбен жылыта алады.

Бұған дейін, Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашық (бір бөлігі ғана) елді-мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. Биылғы жылыту маусымында ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бірқатар су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды.

Газдандыру мемлекет басшылығының бақылауында. Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады.

| DalaNews

Газдандыру атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, экологияға оң әсер етеді. Сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Өйткені, көмірдің сапасын, оны сақтауды уайымдап, күні бойы үйде болудың қажеті жоқ, – деп жазды елорда әкімі.

Тағы оқыңыз:

Көлгінов таңғы тексеруін мектеп құрылыстарын бақылауға арнады