Алдағы демалыста Алматы облысында толықтай локдаун енгізіледі

Dalanews 16 нау. 2021 12:48 147

Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Өткен аптада Алматы облысында коронавирусқа шалдығушылардың өсім қарқыны 0,6% құрады, тәулігіне 99 жағдай тіркелді. Инфекциялық аурухананың науқастармен қамтылу көлемі - 43%, реанимациялық төсек-орынның 15% қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Аймақ басшысының айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек саны 412-ге көбейтіліп, 1 550 бірлікті құрайды.

Облыстағы аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты карантин режимі күшейтілді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни бірлестіктердің, қоғамдық монша мен көліктердің жұмыс кестесі сағат 17.00-ге дейін қысқартылады, ойын-сауық мекемелері мен мейрамханалардың жұмыс кестесі 21.00-ге дейін қысқарады. Демалыс күндері облыста бүтіндей локдаун енгізіледі.

Алматы мен облыс арасындағы халықтың көші-қонының жоғары болуына байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында аурушаңдық көлемінің артуы байқалады. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту туралы жеке қаулылар қабылдады, - деді Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x