Алматы локдаунға жабыла ма - Бекшин жауап берді

Dalanews 15 нау. 2021 12:45 183

Ауруханаға тәулігіне 300 адам түссе, Алматы локдаунға жабылуы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бекшин Алматыда инфекция жұқтырушылар саны күн сайын артып келе жатқанын айтты. Сондықтан демалыс күндері карантинді қатайту туралы шешім қабылданды.

Біз шектеу шараларын күшейтуді жалғастыруымыз керек, өйткені ары қарай болмайды. Бүгінгі күні бізде 3 400 төсек-орын бар, оның қамтылу көлемі 40% -дан аспайды. Одан бөлек бізде 7 мың төсек-орын бар, бірақ бұл резервтің де тез түгесілуі мүмкін. Мәселен, егер күніне 5 мың адам ауруханаға түссе, онда 1 инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орын толықтай қамтылады. Сондықтан бұған жол берілмейді. Осы жағынан алғанда, егер күніне 300 адам ауруханаға түссе, әрине, қала локдаунға жабылады. Егер шара қолданбасаңыздар, онда толығымен жабылуға мәжбүр боламыз. Қазір де кеш емес, осы сәтті жіберіп алмауымыз керек, - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Содан кейін ол локдаунның қандай болатынын түсіндірді.

Сауда орталықтарының, тамақтану орындарының, сауда-саттық пен қызметтерге толықтай тыйым салынуы мүмкін. Нысандар жұмысын тоқтатады, өңірлермен байланыс тыйылады, - деді ол.


Бекшин билік жағдайды тұрақтандыру және "қызыл" аймақтан шығу үшін қосымша шаралар қабылдайтынын атап өтті.

10 наурызда Алматы "қызыл" аймаққа енді. Бүгін, 15 наурызда Қазақстанда инфекцияның 1 011 жағдайы тіркелді. Барлық жағдайлардың көпшілігі Алматы қаласында тіркелген (342 жағдай).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x