Back
| DalaNews

Жетісуда 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Алматы облысында «5-10-20» бағдарламасы арқылы тұрғындарды  650 пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда, – деп хабарлайды Dalanews.kz  «Jetisy Media» ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Аталмыш бағдарлама Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінің серіктестігімен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, жоспардағы пәтерлердің 550-і кредиттік,100-коммерциялық болмақ.

Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 311,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 126 пәтер салу жоспарлануда.Жыл соңына дейін жалпы ауданы 191,3 мың шаршы метр болатын 2 603 пәтерлік 521 үйді пайдалануға беру көзделген.

– 2021 жылы 3 700-ден астам азамат қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Бұл ретте, «Нұрлы Жер» арқылы 1 745 пәтер, «Бақытты отбасы» – 519 пәтер, «7-20-25» – 817 пәтер, 509-коммерциялық тұрғын үй ел игілігіне үлестірілмек. Бұдан басқа, жеке құрылыс салушылар есебінен коммерциялық тұрғын үй салуды ынталандыру мақсатында облыс әкімдігі қазіргі уақытта 34 перспективалы алапты анықтады, – деді, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Османбаев.

Айта кету керек, іске қосылған коммерциялық пәтерлердің 50%-ы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру тұрақты бақылауда тұр.

Тағы оқыңыз:

 

Амандық Баталов Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарына жұмыс сапармен барды