Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі ауысты

Dalanews 02 нау. 2021 09:36 273

Алматы облысы әкімінің өкімімен Абдинов Алмас Сапарғалиұлы Алакөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Абдинов Алмас Сапарғалиұлы 1972 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тарих және мемлекеттік құқық пәнінің оқытушысы мамандығы және юриспруденция бакалавры бойынша бітірген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысында №4772 әскери бөлімде қойма бастығы болып бастаған.

Кейін Алакөл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала, білім беру және денсаулық сақтау, ұйымдастыру, мемлекеттік-құқық және кадр бөлімінің, Алакөл ауданының ішкі саясаты бөлімінің бас маманы, Алакөл ауданы әкімінің көмекшісі, Қамысқала ауылдық округінің, Үшарал қалалық округінің әкімі болды.

2016 жылдың мамырынан – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімінің орынбасары.

Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алакөл ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x