Каспиіне күнде ақша түсіп жататындар кәсіпкер деп танылуы мүмкін

Dalanews 25 ақп. 2021 06:00 225

Мобильді қосымшалар арқылы жедел аударымдардың арқасында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігі қолма-қолсыз ортаға көшті. Алайда, бұл қызмет жеке тұлғалар арасындағы жеке аударымдар үшін жасалған және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналмаған, деп хабарлайды Dalanews.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні мобильді аударымдарды тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем қабылдау кезінде кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Бизнес өкілдерінің кейбірі бұл қызмет арқылы нақты айналымдарын жасырады. Микро-шағын бизнесті үш жыл бойы табыс салығынан босатқанына қарамастан мұндай заңсыз әрекеттер жиі кездеседі.

Мемлекеттік кірістер комитеті трансферттер мен төлемдерді бөлу және фискалдау бойынша бірқатар шешімдер әзірлеп жатыр. Бұл кәсіпкерлердің жеке аударымдары мен кәсіпкерлік трансферттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық тее бизнес өкілдеріне ғана қатысты. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді, салық салынбайды, деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік қызметтегі аударымдар мен төлемдерді қабылдау үшін Комитет бизнеске бөлек шоттар пайдалануды ұсынады.


Сондай-ақ, біз кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдаланып табыс алу белгілерін анықтайтын, тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосуды ұсынамыз, - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мысалы, бір адамның күн сайын бірнеше адамнан аударымдарды ұзақ уақыт бойы алуы кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде танылуы мүмкін.

Жалпы, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін жасалған төлем белгілерін анықтау бойынша жұмыс басталды және екінші деңгейлі банктермен, "Атамекен" ҰКП-мен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқыланады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x