Әскери оқу-жаттығу жүргізіліп жатыр

Dalanews 22 ақп. 2021 06:34 415

Қазақстанның қарулы күштерінде қысқы оқу-жаттығу кезеңі жүріп жатыр. Барлық әскер түрі жұмылдырылатын жаттығулар қай сатыға өтті? Бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы қалай? Толықтырып тарқатамыз.
Еліміздің қарулы-күштерінің сарбаздарын мамандық бойынша даярлау желтоқсан айының соңында аяқталған болатын. Ізін ала игерілген теориялық білімдерін сарбаздар сапында іс жүзінде көрсету шаралары басталды. Бағдарламаға сәйкес қаңтар бойы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы шыңдалады. Мақсат – әскери қызметкерлердің далалық машықтарын пысықтау, жеке құрамға жаңа техникаларды таныстыру. Бұған қоса әскери қызметкерлердің бойында ұстамдылық, төзімділік, жауаптылық сынды жауынгерлік қасиеттерді ұштау. Оқу-жаттығуға қатыстырылатын жауынгерлік техникамен қару жарақтың қай түрі болсын жауынгерлерге жақсы таныс. Себебі оларға алдымен теориялық білім беріледі. Яғни оқулықтардан оқиды, нұсқаулықтарымен танысады, тиісінше макеттерімен жұмыс істеп көреді. Кейін тәжірибелік сабақтарға жіберіледі. Бұл оқу жаттығуға құрлық әскерлеріне қарасыты барлық бөлім жаппай қатыстырылады. Сырт қалып қоятыны жоқ. Әскери бөлімдердің жауынгерлері өздеріне бекітілген полигондарға жеткізіледі. Сәйкесінше теориялық білімді тәжірибеде қолдану басталады. Белгілі бір бағдар бойынша жүріп отыратын сарбаздар әр бір оқу-жаттығу нүкітесінде жасайтын іс-әрекеттерін пысықтап алады.
Мәселен, Үшаралда орналасқан №40398 әскери бөлімінде дайындық қызу жүріп жатыр. Командир бұйрығымен 2021 жылға арналған «Ішкі әскер мен қарауыл қызметіне арналған оқу-жаттығуды ұймдастырып, өткізу» бойынша барлық норма сақталған.
«Мамандық бойынша даярлау сабақтары тиісті құжаттарға сай, оқыту мамандары мен инструкторлар сақадай сай. Дәрістер аяқталып, оны тәжірибеде қолдану бойынша әскери шұғыл қызметтің жеке құрамы сабақтарда өткен тақырыптарға қызығушылық танытып отыр»,- дейді №40398 әскери бөлім командирінің «Тәрбие және идеологиялық» жұмыстары жөніндегі орынбасары ұлан п-п/к Сейтқали Байбосынов.
Материалдық-техникалық база бойынша оқу жаттығуда жергілікті кинопроектордың макеті бойынша жұмыстарын бөлімшелердің командирлері құлшыныспен атқаруда. Сондай-ақ, әскери сарбаздар арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде аталған шара барасында жауынгерлердің қару-жарақ пен техникалық алған білімдерінің жоғары екенін көрсеткен. Бұған қоса ату жаттығулары бойынша жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жеке құрамда ауысым уақытында жүргізіледі. Жаттығу барысында қауіпсіздік барынша сақталған. Өйткені, оны пайдалану мен алып жұру тағы бір еске түсіріледі. Қазіргі таңда, сарбаздар алдарына қойылған міндеттерді орындау үстінде.
Атып өтейік, дәл осындай жаттығулар әскерлерді, әскер бөлімдерін және әскер түрін соғыс тәртібіне келтіріп, офицерлердің, сержанттардың, қатардағы жауынгерлердің тактикалық білімін жетілдіріп, тәжірибесін молайтады, Қарулы Күштердің қабілеттілігін арттырып, ұрысқа әрқашан дайын болуын қамтамасыз етеді.

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x