"Стамбұлды бетке алған". Қырғызстанның экс-президенті елден кетіп қалды

Dalanews 02 ақп. 2021 13:03 238

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сауранбай Жиенбеков елден кетіп қалды деп хабарлайды Dalanews.kz 24KG-ге сілтеп.

Ол өзімен бірге отбасын да ала кеткен. Ақпаратты бұрынғы президенттің айналасындағы адамдар растаған.

"Жиенбеков күні кеше "Манас" әуежайынан Стамбұлды бетке алып, ұшып кетті", – делінген хабарламада.

Осының алдында Жиенбековті экс-вице премьер Дүйсенбей Зилалиевтың ісіне қатысты жауап алу үшін Бішкектің Бірінші май аудандық сотына шақырған.

"Бұдан бөлек қазан айындағы оқиғалардың ортасында жүрген азаматтар Жиенбековті қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ішкі істер министрлігі мен Қауіпсіздік комитетіне арыз түсірген. Олар экс-президенттің 5 қазандағы наразылықты күшпен басу туралы бұйрық беререлік құқы жоқ еді деп есептейді", – деп жазады  24KG.

Еске салайық, өткен жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Көпшілік саяси науқанның әділетсіз  өткенін айтып, алаңға шықты. Елде жаппай тәртіпсіздік басталып, мұның ақыры Жиенбековтың тақтан таюымен аяқталды. Оның орнына осыған дейін 11 жылдық түрме жазасын өтеп келген Садыр Жапаров отырды. Елде Жоғары Кеңестің сайлауы екінші қайтара өтеді деп күтіліп отыр. 10 қаңтарда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында  Жапаров жеңіске жетті. Оны ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда ұйымдастырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x