Министр Жер комиссиясына кіргізбей жүр - Тайжан мәлімдеме жасады

Dalanews 29 қаң. 2021 19:29 331

Мен естуімше, Сапархан Омаров мырза, ауыл шаруашылығы министрі, президент жариялаған Жер комиссиясының құрамына мені кіргізгісі келмей жатыр. Ол түсінікті, менің көзқарасым министрдің көзқарасына қарама қайшы ғой, деп бір шындықтың бетін ашты Мұхтар Тайжан.

Бірақ Жер мәселесі тек сіздің жеке мәселеңіз емес, немесе тек Атамекен ұйымының, немесе тек фермерлердің емес - Жер деген жалпыұлттық мәселе. Мен сіздің жеке отбасылық тойыңызға барайын деп тұрған жоқпын. Жер мәселесімен міне 5 жыл айналысып келе жатырмын. 2016 жылы сәуір айында сол жер митингісін ұйымдастырғаным үшін мені полиция 2 рет үйімнан алып кететін жайттар болды.

Сондықтан сол Комиссияға кіру, Жер мәселесін түбігейлі аяғына дейін жеткізу - ол менің моралдік құқығым, ал халықтың алдында - парызым, дейді Тайжан.


Маған кедергі жасамаңыз, немесе өзіңізге ауыр тиеді. Әділетсіз сайлау, сыбайлас жемқорлық - бұл мәселелер уақытша ғана. Ал Жерсіз мемлекетіміз құриды, ыдырап кетеді. Кейбіреулердің арманы - жерді меншікке сату - түбі соған апарады. Ал біз оған жол бермейміз. Комиссия арқылы болмаса, Жер мәселесін біз басқаша шешуге кірісеміз. Қалай болса да, халықтың талабын орындалуын қамтамасыз етеміз. Сондықтан мәселені үлкен қақтығысқа апармай үстелдің басында шешкеніміз жөн, - деп жазды ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x