Алматыда Көкжайлауды Ұлттық парк құрамына қайтару процедурасы басталды

Dalanews 13 қаң. 2021 08:59 146

Алматыда Көк-Жайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару процедурасы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

2020 жылдың қыркүйегінде Іле-Алатау ұлттық паркіне жер телімін қайтару процедурасын жеңілдету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға түзетулер енгізілді.

Бір-екі айдан кейін, 20 желтоқсанда Алматы әкімдігі қаулы шығарды. Онда Туризм департаменті Көкжайлау шатқалы аумағын ақысыз пайдалану құқығын тоқтатқаны айтылған. Бұл туралы қалалық Жер қатынастары басқармасы хабарлады.

Іле-Алатау ұлттық паркіне жерді қайтару бойынша одан арғы процедура үкіметтің шешімімен жүзеге асырылады.

2014 жылы Үкіметтің қаулысы шығып, Іле-Алатау ұлттық паркінің жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатынан Алматы қаласы Медеу ауданының резервтік жерлері санатына ауыстырылды. Бұл Көк-Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу үшін жасалды.

Қоғам қайраткерлері бұл шараға қарсы шықты. 2019 жылы Президент олардың пікірін ескере отырып, шатқалда курорт салуға тыйым салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x