“Ауыл” мен “Адал” партиясы депуттатық орындарға ие болды
Қызылорда облысы бойынша депутаттар мандатының саны – 152. Саяси науқанға қатысқан барлық 5 партияның өкілдері облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда депутаттық орындарға ие болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атап айтсақ, Қазақстан халық партиясы – 4, Nur Otan партиясы – 126, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы – 5, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 15, “Адал” саяси партиясы 2 квотаға ие болды.
Айта кетсек, Қызыорда облысында саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны 73,90 пайызды құрады.
…
Бұдан бөлек Орталық сайлау комиссиясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттары сайлауының қорытындысы жарияланды.
Мәслихаттар сайлауына бес партия жіберілді.
ОСК төрағасы Берік Имашев бірінші рет мәслихат депутаттары пропорционалды жүйе бойынша сайланғанын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты – 31 мандат. Жалпы қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша 88 үміткер тіркелді. Қазақстан Республикасының “Сайлау туралы” конституциялық заңына сәйкес, сайлау нәтижелері бойынша саяси партияларға депутаттық мандаттар сәйкесінше бөлінеді.
Осыған байланысты: Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат, Nur Otan партиясы – 26 мандат, “Ақ жол” партиясы – 3 мандатқа ие болды, – деді Нұр-Сұлтан аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.
Алматыға 39 мандат бөлінді. Бұл мандаттар келесідей бөлінді:
Nur Otan – 29 орын;
“Ақ жол” – 3 орын;
Қазақстанның халықтық партиясы – 3 орын;
“Ауыл” – 3 орын.
Шымкен қаласы мәслихатында 30 мандат бар. Олар келесідей таратылды:
Nur Otan – 24 орын;
“Ауыл” – 3 орын;
“Ақ жол” – 3 мандат.
10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтті
Тағы оқыңыз:
Сайлау? Президент уәдесін орындаған жоқ – Қажыгелдин қатты ашынды