Өскеменде Ассамблеясының 25 жылдығына орай конференция өтті
Өскеменде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ZOOM платформасында кезекті «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық процестер» XIX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның алғашқы күнінде «мәдениетаралық толерантты кеңістік және жастар ортасында диалогты дамыту» жобасы шеңберінде Жастар сессиясы өткізілді.
Шарада Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы басшысының міндетін атқарушы Ж.Алканова және ШҚМУ ректоры М.Төлеген құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, студенттер мен жас мамандардың қатысуымен қазіргі қазақстандық қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларындағы дәстүр және жаңғырту тақырыбында пікірталас өтті.
Конференцияның кезекті күнінде шетелдік ғалымдар мен ғылыми-сараптама тобының мүшелері қатысып, тақырыпты кеңінен талқылады.