Тәуелсіздік – ел тірегі

Dalanews 15 желт. 2020 01:58 140

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы   №123  мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Киізбай Мөлдірдің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты онлайн қашықтан кездесу өтті.

Кездесуге Желтоқсан оқиағасының куәгері, әрі қайраткері Жүрсін Құлбайұлы мен Желтоқсан оқиғасын зерттеуші, бірнеше кітаптың авторы Шалқар радиосының директоры Болатбек Төлепберген тамаша естеліктерімен бөлісіп, Желтоқсан оқиғасы тарихынан тағылымды ойларын ортаға салды.

Ұрпақ тәрбиесінде бүгінгі таңдағы қиындықтарға қарамай, қашықтан оқушылармен тамаша көрініс көрсеткен мектеп ұжымы басшысы Б.Ашимбаева мен  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Әмзеқыздарының осындай тәрбиелік шараларды ұйымдастырудағы еңбектері зор.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x