Жарма ауданы: Тікелей желіде – Қоғамдық қабылдау

Dalanews 15 желт. 2020 05:29 306

Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күндерінен бастап «Nur Otan» партиясының Жарма аудандық филиалында да Қоғамдық қабылдау өз жұмысын жандандыра түсті.

Қоғамдық қабылдау бөлімінде сайлау штабының басшылығы, партиялық тізімдегі кандидаттар және олардың сенімді адамдары аудан тұрғындарын қабылдап, халықтың сұрақтарына жауап беруде. Сонымен қатар сенім телефонына қойылған сұрақтарға бірден жауап беру ісі де жолға қойылғанын айта кетуіміз керек.

11 желтоқсанда сағат 10-дан 18.30-ға дейін мұнда азаматтарды жеке мәселелер бойынша күнделікті қабылдау өткізіліп, сауалдар мен ұсыныс-пікірлер қабылданады.

– Сайлаушылар өз үндеулерін үгіт-насихат штабына барып немесе онлайн, телефонмен немесе жазбаша түрде де беріп жатыр. Сайлаушылардың барлық сұрақтары басты назарға алынып, өтініштердің ешқайсысы жауапсыз қалмайды, – деп атап өтті штаб өкілдері.


Сонымен қатар, Жарма тұрғындары аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат кездесулерінде округтің болашақ депутаттық корпусына өздерінің нұсқауларын бере алады.

–  «NurOtan» партиясы кез келген тұрғынды ашық түрде ұабылдап, олардың сындарлы ұсыныстарды қолдауға дайын. Біздер сайлаушыларымыздың белсенділігіне үміт артамыз. Өйткені бірлесіп біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз! – деп хабарлайды  жармалық нұротандықтар.

(Материал ақсы «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x