2021 жылы зейнетақы қанша болады

Dalanews 09 желт. 2020 10:03 188

2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, Қазақстанда 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар өседі деп хабарлайды Dalanews.kz Азаматтарға арналған үкімет корпорациясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

  • Зейнетақы 7% - ға;

  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 % - ға өседі.

  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 34 302 теңге;

  • Ең төменгі зейнетақы (2021 жылы тағайындау үшін) – 43 272 теңге;

  • Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2021 жылы 46 еселенген АЕК (134 182 теңге) аспауы тиіс.


Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) көтерілуіне байланысты өсірілді.

  • Ең төменгі базалық зейнетақы – 18 524 теңге.

  • Ең жоғары базалық зейнетақы (еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп ) – 34302 теңге.

  • Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) өзгеруіне байланысты 5% - ға өсті.

  • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (АМЖ) және мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың (№1 және №2 тізім бойынша) мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты 5% - ға өсті.

  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер 5% - ға өсті.


Баланың туылуына байланысты төленетін біржолғы жәрдемақы өсті және келесідей болды:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 110 846 теңге (38 АЕК).

  • төртінші балаға – 183 771 теңге (63 АЕК).


Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін жәрдемақылар да өсті:

  • бірінші балаға – 16 802 теңге (5,76 АЕК).

  • екінші балаға – 19 865 теңге (6,81 АЕК).

  • үшінші балаға – 22 899 теңге (7,85 АЕК).

  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 25 962 теңге (8,9 АЕК).


«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 18 669 теңгені (6,4 АЕК) құрады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша банкрот салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан азаматтарына төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін 2021 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдердің (регресстік төлемдердің) мөлшері де 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5% көтерілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x