Корпоративтік волонтерліктің дамуы елімізде қай деңгейде?

Dalanews 28 қар. 2020 12:56 267

Жыл соңына қарай Ұлттық волонтерлік желі ұйымның басшылығы корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу бойынша қорытынды конференциясын өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Корпоративтік волонтерлік қызмет – компанияның өзі де, сол сияқты бөгде үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ), өзге де институттар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы мақсатқа бағытталған әлеуметтік іс-шараларға қызметкерлерді ерікті негізде тарту.

Корпоративтік волонтерлік –  бұл ұйым қызметкерлерінің өз компаниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерікті түрде қатысуын қамтамасыз етеді.

Аталған зерттеудің мақсаты Қазақстанда корпоративтік волонтерлікті дамытудың оң тәжірибелерін зерделеу болып табылады.

Соңғы 8 ай ішінде Ұлттық волонтерлік желі Қазақстан компаниялары арасында корпоративтік волонтерліктің үздік тәжірибелерін зерттеді. Зерттеуге корпоративтік волонтерлікті дамытуға қатысы бар 100-ден астам түрлі компаниялар қатысты. Сауалнамаға 400 корпоративтік волонтерлер, 70 ҮЕҰ өкілдері және корпоративтік волонтерлікке жетекшілік ететін 30-дан астам басшылар қатысыпты. Бұл қызметке негізінен ірі бизнес өкілдері тартылғаны анықталды. Ал шағын және орта бизнес іс жүзінде тартылмаған.

Конференцияда келесі сессиялық залдармен қатар баяндама (доклад) ұсынылды:

– Бүгінде Қазақстанның корпоративтік волонтерлікті дамытуда қандай кезеңде тұрғанын және келесі деңгейге өту үшін қандай қадамдар қажет екенін түсінуге көмектесетін баяндамлар тыңдалды. Зерттеудің қорытындылары мен ұсынымдары мүдделі тұлғаларға пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені бірлескен күш-жігер корпоративтік волонтерлікті дамытуға және Қазақстандағы волонтерліктің жаңа деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді, – деп атап өтті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x