"Ауыл" партиясы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін тапсырды

Dalanews 19 қар. 2020 12:13 150

2020 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89-бабтарына сәйкес, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

  1. Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

  2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;

  3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;

  4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

  5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;

  6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;

  7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

  8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

  9. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

  10. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;


Орталық сайлау комиссиясы Партиялық тізімдерге енгізілген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылғы 10 - 30 қараша аралығында ( сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x