Енді жамағат бес уақыт намаз мешітте оқи алады

Dalanews 27 қаз. 2020 02:45 188

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен еліміздің аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтіп, карантинді босаңсытуға қатысты мәселені қарады.

Мемлекеттік комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.

- 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:

- 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтап);

- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен) деп комиссия шешім шығарды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x