Мәсімов Абу-Дабиде жүр. Ол Нұрмағамедовті құттықтады (видео)

Dalanews 25 қаз. 2020 06:07 227

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов UFC-дің жеңіл салмақтағы дағыстандық чемпионы Хабиб Нұрмағамедовті жеңісімен құттықтады деп хабарлайды Dalanews.kz.




Хабиб пен америкалық Гэтжи арасындағы кездесу UFC 254 турнирінің көшін бастады. Кездесу 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі "Жауынгерлер аралында" өтті. Жекпе-жек дағыстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Хабиб Гэтжиді тұншықтыру тәсілімен ұтты.

Кездесуден кейін дағыстандық көз жасына ерік беріп, коронавирус құрбаны болған марқұм әкесін еске алды.


Осы турнир аясында қазақ Шавқат Рахманов бразилдік Алекс Оливейрадан айласын асырды.

Октагоннан түсіп, шыға беріске бет алған Хабибті орта жолдан тоқтатқан Мәсімов спортшының қолын қысып, осынау спорттағы 29-шы жеңісімен құттықтады. Дағыстандық ілтипатын білдіріп, арнайы құттықтауға келген Мәсімовке алғысын айтты.

[video width="640" height="288" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2020/10/video_2020-10-25_11-49-25.mp4"][/video]

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x