Жээнбеков жоғалып кетті – БАҚ

Dalanews 08 қаз. 2020 09:31 260

Президентті іздеуге Ішкі істер министрлігі емес, басқа құрылымдар жұмылдырылған.


Қырғыз Республикасының өз-өзін Ішкі істер министрі етіп тағайындаған Курсан Асанов президент Сооронбай Жээнбековтің қазір қайда екенін білмейді, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

- Шынымды айтсам, мен қазір басқа мәселелермен айналысып жатырмын. Бішкекте жағдайды ретке келтіру керек. Көріп отырғаныңыздай, кешеден бастап біз ерікті халық жасақтарымен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, жаппай бейберекетсіздіктің алдын алдық. Біз осы бағытта жұмыс жасай береміз. Басқа құрылымдар Жээнбеков пен басқаларды іздеуге кіріседі деп сенемін, - деді ол бүгін Бішкекте өткен брифингте.

Қырғызстанның шекарашылары елден жоғары лауазымды шенеуніктерді шығармау туралы бұйрық алды. Сонымен қатар шекараны жабу туралы шешім қабылданды.


Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асанов Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігі Бішкек қаласы комендантының міндетін атқарушы болғаны жарияланды. Ішкі істер министрі Қашқар Жунушалиев әлі отставкаға кеткен жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x