Жээнбеков қашты. Қырғыздар бір түнде Ақ үйді басып алды

Dalanews 06 қаз. 2020 05:35 169

Ереуілге көтерілген халық пен күштік құрылымдардың кешкі сағат 20:00-де басталған қақтығысы "Ақ үйді" басып алумен аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Наразылық шарасына қатысушылар ғимаратқа басып кірді. Оның аумағында мемлекеттік күзет қызметкерлері болмаған. Әлі расталмаған деректерге сай, президент Сооронбай Жээнбеков оңтүстік бағытқа қарай ұшып кетті.

"Ақ үйге" басып кіргендердің арасында экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадыр болған деседі.

Сонымен қатар, Бішкектегі наразы топ ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ғимаратына да басып кірген. Арнайы жасақ ұрысқа бармай, беріле салған. Тергеу изоляторынан бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев босатылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x