Трансгендер-әйелді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкері он жылға сотталуы мүмкін

Dalanews 01 қаз. 2020 06:10 164



Прокурор Ұлттық қауіпсіздік қызметінің трансгендер-әйелді зорлады деп айыпталған бұрынғы қызметкеріне он жыл сұрады.





Трансгенрдер-әйел Виктория Берікқожаева сотқа жәбірленуші ретінде қатысып жатыр.

Бүгін Іле аудандық сотында тараптардың сөзжарысы өтті. Сот жабық өтіп жатыр.

Берікқожаеваның айтуынша, прокурор судьядан сотталушыны өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуын, сонымен бірге оның ҰҚК майоры атағын қайтаруын сұрады.

Комитеттің бұрынғы қызметкері тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, соттан өзін ақтауын өтінген.

Соттың келесі отырысында, 2 қазанда, сотталушы соңғы сөзін айтады. Одан соң сот үкімі шығады.

Сот процесі кезінде Алматыдағы тергеу изоляторында отырған Берікқожаева бүгін алғаш рет сот отырысына қатысты.

Зорлық оқиғасына қатысты қылмыстық 2019 жылы жазда қозғалған. Қазан айында ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қамауға алынды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x