Даниал Ахметов Семейдегі театр мен мұражайдағы жөндеу жұмыстарымен танысты

Dalanews 17 қыр. 2020 11:18 151

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапармен барып, қаладағы мәдение ошақтарды жөндеу жұмыстары мен және қаланы аббаттандыру барысымен танысты.

Облыс басшысы алдымен күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Абай атындағы театрына барды. Бүгінде театрдың жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Құрылысшылар өнер ордасының шатырын, сыртқы қасбетін және театр ішіндегі баспалдақтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгерген. Қазіргі таңда екінші қабаттағы фойенің жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Театрда жұмыс істейтін актерлер күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген театрдың көрікті саханасында жаңа қойылым бойынша дайындық жұмыстарын бастап кеткенін айта кетуіміз керек.

Өнер ордасын аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының қалай жүргізілгенімен мұқият танысқан Даниал Ахметов:

– Жарайсыңдар, театрдың күрделі жөндеу жұмыстары өте сапалы жүргізілген. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қала тұрғындары үшін үлкен сый болды, – деп құрылысшыларға алғысын білдірді.

Даниал Ахметов Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Абай мен балаларының мүсінін жасаған жас мүсінші Нұрбол Қалимен танысып, оның жасаған мүсіні кермет өнер туындысы екенін айтты.

– Абай мұражайында Абай мен балаларының мүсінін жасап шыққан жас мүсіншімен танысқаныма қуаныштымын. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында тұрғызылған жаңа мүсін Абайдың отбасымен түскен отбасының негізінде жасалғанын білемін. Сол суретке көз салғанда Абайдың бірінші кезекте отбасының ұйытқысы, балаларына қамқоршы әкесі екені бірден көзге түседі. Нұрбол Абай мен балалары арасындағы сол бір жылы қатынасты мүсінде анық көрсетуге талпынған. Осындай тамаша мүсінді қолдан қашап шыққан Нұрболға шығармашылық табыс тілеймін, – деп Даниал Ахметов жас мүсіншіге өзінің алғысын білдірді.

Жас мүсіншінің қолынан шыққан Семейдегі Абай мұражайының аумағына орналасқан. Алдағы уақытта оны ресми түрде ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда жаңа ескерткіштің айналасына орындықтар қойылып, жалғыз аяқ жолдарға тастар төселінуде.

Семей еліміздегі көне қалалардың бірі екені белгілі. Сондықтан қаладағы тарихи маңызы зор ғимарттарды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттаудың маңызы зор. Даниал Ахметов Семейге ат басын бұрғанда жергілікті билік орындарына осы мәселеге назар аударуы керек екенін алға тартты.

Қазір Семейдегі «Мәңгілік ел» аумағында жүргінші жолдары жөнделіп, гранит тастар төсілініп, көгалдар мен гүлдер егілуде. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтағы тарихи ғимараттардың о бастағы кейпін сақтап жаңғырту жұмысы да қарқынды жүріп жатқанына Даниал Ахметов ризашылғын білдірді.

– «Мәгілік ел» көшесінің бойындағы ғимараттар бір түсті болғаны маңызды. Көше бойымен серуендеген қала тұрғындары өздерінің 19 ғасырға тап болғандай сезінуі керек. Бұл жердің өзіне тән ауарасы болуы тиіс. Мүмкін болса, көше бойындағы жарық шамдар да көне Семейді еске салып тұратын классикалық үлгіде болғаны жөн, – деп облыс басшысы өз ойын ортаға салды.

Облыс әкімі Семей қаласындағы перинатальді орталыққа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Ақмола облысының «Байсын А» компаниясының салғырттығын сынға алды.

– Өкінішке орай, перинатальді орталыққа жөндеу жұмысын жүргізуші компания өздеріне тапсырылған жұмысқа салғырт қарауда. Аталмыш компания Семейдегі перинатальді орталықтың 2-3 блогына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты байқауда жеңімпаз деп танылған-ды. Өкінішке орай, жөндеу жүмыстары баяу жүріп жатыр. Жергілікті билік органдары орталықты жөндеу үшін 700 млн теңге бөлген болатын. Осы уақытқа дейін мердігер компания бөлінген қаржының 20 млн теңгесін игерген. Егер алдағы уақытта компания басшылары жұмысты ширатпаса, заң негізінде арадағы келсім-шартты үзуге мәжбүр боламыз. Бұл үшін оларға 10 күн уақыт береміз. Жоспар бойынша құрылыс басында 200 адам жүмыс істеуі керек еді. Өкінішке орай, қазір мұндай 50-ден астам еңбек етуде, – деп облыс әкімі мердігер компанияға жұмысты ширатуды талап етті.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x