Орта Азия елдері Қытайға 22 млрд доллар қарыз, оның 50 пайызы Қазақстанға тиесілі

Dalanews 15 қыр. 2020 17:42 217

Орта Азия елдері Қытайға белшеден қарыз деп хабарлайды Dalanews.kz  eurasia.expert порталына сілтеп.




Былтырғы мәлімет бойынша аймақ елдерінің Қытайға берешегі 22 млрд долларды құраған, осынау қомақты қарыздың 50 пайызы Қазақстанға тиесілі екен.

ҚХР Сауда министрлігінің ақпаратына қарағанда 2018 жылы Қытайдың Орта Азиядағы қазба байлықтарды игеруге бағытталған инвестициясы 14,7 млрд долларды құраған.

Аймақ елдері экспорт өнімдерін, оның ішінде мұнай, газ, уран, түрлі-түсті түсті металл секілді қазба байлықты негізінен Қытайға тасиды.

Мәселен, Қытай Түрікменстан газының 2/3 бөлігі мен Қазақстан уранының тең жартысын қажетіне жаратып отыр.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x