Жолдау қоғамдық бақылауды күшейтеді

Dalanews 03 қыр. 2020 07:49 225

Жолдаудың ең басты мақсаты – елімізді экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамыту және пандемияның салдарын еңсеру. Сонымен қатар Президент әділетті мемлекет құруға бағытталған жоспарларын ортаға салды.

Былтырғы Жолдауда айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы биыл да жалғасын тауып отыр. Расымен азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуы, билік пен азаматтардың жауапкершілігін арттыру аса маңызды және осындай қатынастарды заңды реттеу ісіне де басымдық берілді.

Президент Жолдауда мемлекетте орын алатын қоғамдық қатынастарға қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы осы мақсатта қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау туралы ұсынысын жеткізді.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x