Тихановская: "Алаңға шығыңыздар. Сонда ғана диктатура құлайды"

Dalanews 24 там. 2020 09:11 146

Беларусь президентін сайлауда Александр Лукашенконың басты қарсыласы болған Светлана Тихановская тағы бір үндеу жариялады. Ол кәсіпорын жұмысшыларын ереуілді тоқтатпауға үндеді.

"Ереуілдер диктатураны тығырыққа тіреді. Сол себепті олар сендерді түрлі әдістермен екіге бөлуге әрекеттеніп жатыр. Біз бірге болсақ, жүйе құлайды", — деп мәлімдеді Тихановская.


Беларусь орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Лукашенко жеңіске жетті деп мәлімдеді, бірақ оппозиция мен оның жақтастары ресми мәліметті мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс басталды. Республиканың ондаған мың азаматы Александр Лукашенконың қызметтен кетуін талап етіп, көшеге шықты. Елдегі ондаған ірі кәсіпорын жұмысшылары ереуіл жариялады.

https://youtu.be/_RKyRtD5Npk

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x