Министр өзіне қол салмақ болған

Dalanews 20 там. 2020 05:35 213

Тәжікстанның көлік министрі Худоёр Худоёрзода Азаттықтың тәжік қызметіне берген сұқбатында жағдайының жақсарғанын, бірақ әлі дәрігерлер бақылауында екенін айтқан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 11 тамызда көлік министрі өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ туыстары құтқарып қалған.

62 жастағы Худоёр Худоёрзода суицид жасамақ болған себебін айтпады.

"Ауруханадан қашан шығарады, білмеймін. Қазір емделіп жатырмын",- деді көлік министрі.

Тәжікстан бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Худоёр Худоёрзода отбасылық жанжал кезінде асүй пышағымен өзіне қол сұқпақ болған.

Бірақ көлік министрлігі қызметкерлері сол күні министр депрессияда болғанын айтады.

"Суицид себебі отбасындағы проблемаға байланысты болмаса керек, сол күні Худоёрзоданың өзі жұмыста депрессияда отырды. Отбасында ешқандай жанжал болған емес. Тамаша әйелі мен балалары бар", - дедік көлік министрлігінің өкілі.

Тәжікстанның бас прокуратурасы бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Шенеуніктің туыстары сұқбат беруден бас тартты.

Осының алдында "Истиклол" медицина орталығының дәрігері аты-жөнін жасырып, Худоёр Худоёрзоданың ішінен пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскенін хабарлаған.

Худоёр Худоёрзода 2017 жылдан бері көлік министрі қызметін атқарып келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x