Ақан Сатаев: "Қазақфильмдегі" өрт? Мұны қасақана ұйымдастырды"

Dalanews 15 там. 2020 07:57 235

"Қазақфильм" басшысы Ақан Сатаев "Қазақ хандығы" кинокартинасының декорациясын күлге айналдырған өрт туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.




"Әзір "Қазақфильм" киностудиясындамын.  "Қазақ хандығы" кинокартинасының өрттің кесірінен ойрандалған декорация орталығында тұрмын. Отқа оранған екінші нысан бұл арадан 200 метр жерде орналасқан - орман қоймасы. Анығы, бұл қасақана ұйымдастарылған өрт. Құдай сақтап зардап шеккендер жоқ. Шығын айтарлықтай ауқымды  болмағандықтан,  жұмысты жалғастырамыз", - деді Сатаев.

Режиссер киностудияны отқа орағандар көп ұзамай табыларына сенім білдірді.

"Өрт сөндірушілер мен осы қиындықты тез әрі тиімді орындаған қала билігіне алғысымды білдіргім келеді. Кешеден бері жіберген қолдау сөздерін жіберіп жатқан баршаңызға алғысымды білдірем. Бұл бізге күш береді. Нәтижесінде бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деді режиссер.

Айта кетейік, жұма күні кешке, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында қатты өрт басталды деп хабарланған.

https://www.instagram.com/p/CD5e_G7nluK/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x