Өскеменнің бас имамы Мұхатай Ермек қажы каратинге байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайтынын айтты

Dalanews 24 шіл. 2020 10:57 249

Еліміздегі карантин мерзімінің ұзартылуына байланысты ағымдағы жылдың 31 шілдесі күні құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңірінің бас имамы Мұхатай Ермек қажы Тасболатұлы мәлім етті.

Ағымдағы жылы құрбандыққа шалынатын малды онлайн тапсырыс беру арқылы қашықтықтан шалуға болады. Ол үшін Qurban2020.kz сайтына кіріп, ірі немесе ұсақ малды таңдап, тиісті ақысы төленеді. Кейін малдың сойылғаны жайлы ақпаратты өзіңізге жібереді. Брифингке қатысқан бас имам осылай деді.

Мұхатай Ермек қажы Тасболатұлының айтуынша, 30 шілде – Арапа күні,  31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.

– Арапа күні ораза тұтуға болады. Құрбан айтта ақсақ,ауру немесе соқыр малды союға болмайды. 1 жасқа толған қой мен ешкіні немеме 6 айға толған дене бітімі ірі семіз тоқты,2 жасар сиырды, 5 жасар түйені құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі, – деді Ермек қажы Мұхатай.

Брифинг барысында бас имам өңір тұрғындарын айт кезінде қонаққа бармай, үйде отырып, карантин режимін сақтауға шақырды.

Журанлистермен жүздескен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңірінің бас имамы Мұхатай Ермек қажы Тасболатұлы пандемия кезінде жерлеу рәсімі мен ас беру туралы сұраққа жауап берді.

Бас имамның айтуынша, жерлеу рәсімі барысында көп адам жиналуға болмайды. Әрине, халық көңіл айтқысы келеді. Алайда қазіргі жағдайға байланысты телефон арқылы көңіл айтуға болады. Бұл пандемияның кеңінен таралмауына мүмкіндік береді. Жерлеу рәсіміне 10 адамнан артық қатысуға болмайды. Дұға жасауға 5 минут беріледі. Бұл кезде барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x